«СтальЦинк» компаниясы – жол және көпір қоршауларын өндіру саласында жетекші орын алатын кәсіпорындардың бірі. Ол сондай-ақ металл конструкцияларды ыстық мырыштау бойынша да Қазақстанда көшбасшы саналады.
Мәжіліс депутаты өңдеу өнеркәсібі еліміздің әртараптандырылған экономикасының негізі бола алатынын атап өтті.
Петропавлда жаңа өндіріс іске қосылды
– Былтыр Мемлекет басшысы өз Жолдауында өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келгенін атап өтті. Заң шығарушы ретіндегі біздің міндетіміз – жергілікті жерлердегі жағдайды көру, кәсіпкерлерге құлақ түру, бизнестің дамуына қандай проблемалар кедергі келтіретінін түсіну, сондай-ақ саланы қолдаудың нақты шараларын іске асыру кезінде мемлекеттің жұмысын үйлестіру, – деп атап өтті Магеррам Магеррамов.
Кездесу барысында өнеркәсіптегі қауіпсіздік, салықты реттеу және отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, өнімді сату, отандық өндірушілердің ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларға қатысуы, қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу, ұлттық жобалардағы қазақстандық қамту үлесі, өңдеу өнеркәсібінде цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ қауіпсіздік талаптары мен техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнімдердің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту мәселелері талқыланды.
Өңірге дем берген өндіріс: Түркістан қалай түлеп жатыр?
Мәжіліс депутаты толық циклді отандық тауар өндірушілер санын көбейтудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Магеррам Магеррамов «Қазақстан Халық партиясы» фракциясы былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлермен бірнеше кездесу ұйымдастырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бизнеспен өзара диалогтың мұндай тәжірибесі биыл да жалғасатын болады.